ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ: Мешіт ұжымына мерекелік шара ұйымдастырылды (ФОТО)

13 қыркүйек 2020 296 0
Оқу режимі

2013 жылдан бастап қыркүйек айының әр екінші жексенбісі сайын еліміз бойынша Отбасы күні мерекеленіп келе жатқаны баршамызға белгілі. Отбасы құндылықтарына мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіліп, жанұя бақытына жол ашатын айтулы күнге орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да «Отбасы апталығын» жариялап, игі шаралардың қатарын көбейте түскен болатын. Діни басқарма барлық өкілдіктері осы бастама аясында Отбасы күніне орай түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, отбасы құндылықтарын насихаттау жұмысын жандандыра түскен болатын.

Осы бастама аясында бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің жалпы ұжымына Отбасы күніне орай мерекелік шара болып өтті. Мерекелік жиынға құлшылық ордасының барлық жұмысшылары: діни қызметкерлер мен сайт ұжымы, күзет сақшылары мен тазалықшы қауымы, техникалық бөлім мамандары қатысып, Отбасы күніне орайластырған берекелі отырыс өткізді. Бүгінгі күннің мән-маңызына тоқталған бас имам Ерболат Жүсіпов құттықтау лебізін білдіріп, отбасылық құндылықтарға қатысты әсерлі насихат айтты.

Жиын соңында жамағатпен дұға жасалып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы, отбасы бүтіндігі мен бірлігін тілеп бата қайырды. Сондай-ақ, мешіт қызметкерлеріне мереке құрметіне орай арнайы сыйлық сөмкелері үлестірілді.

Айта кетейік, Отбасы апталығы аясында «Әзірет Сұлтан» мешітінде бұған дейін «Жанұя жарасымы» атты семинар-тренинг өткізілген болатын. Семинар сабағына  «Әзірет Сұлтан» мешітінде соңғы бір жыл ішінде неке қидырған жас отбасылар шақырылып, отбасы бақытына қол жеткізу жолдары жайлы насихатқа қанығып қайтқан еді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру