Қадір түнінде елорда мешіттері жамағатқа рухани бағдарлама ұсынды

19 наурыз 2026 36 0
Оқу режимі

Қадір түнінде Астана қаласы мешіттері Дәстүр және отбасы бағыты аясында жамағатқа арнайы рухани бағдарлама ұйымдастырды. Бағдарлама барысында уағыз-насихаттар айтылып, қатысушыларға Қадір түнінің маңызы мен сауаптары түсіндірілді.

Шара барысында Құран хатым оқылып, дұғалары марқұмдар мен жамағат үшін бағышталды. Әуезді Құран оқу жүректерге тыныштық сыйлап, қасиетті түннің рухани атмосферасын арттырды.

Сондай-ақ, қатысушылар дін мен дәстүрге қатысты сұрақ-жауапқа қатысып, өз білімдерін толықтыра алды. Бағдарлама жамағатқа Қадір түнін шынайы иманмен өткізуге, жүректерді сабыр мен мейірімге толтыруға мүмкіндік берді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру