ҚАЛА БАС ИМАМЫ «ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНІҢ ТЫНЫС ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

29 наурыз 2023 1993 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айына байланысты ҚМДБ Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов шаһардағы құлшылық ордаларын арнайы аралап, тыныс-тіршілігімен тікелей танысуды бастаған болатын. Бас имамның бұл жолғы сапары қала ортасындағы «Әл-Ғани» мешітінде жалғасты.

Бесін намазына жиылған жамағатпен жүздесіп, құлшылық ордасының жай-күйімен жақынырақ танысқан бас имам Рамазан айының қадір-қасиетіне қысқаша тоқталып, ұлық айда сауапты істерді көптеп атқаруға үндеді.

Жақында ғана аталмыш мешіттің бас имамы болып тағайындалған Дулат Қабиденұлы Бас имамға Рамазан айында жасалып жатқан жұмыстар жайында есеп беріп, жоспардағы шаралар туралы баяндады.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру