Қала бас имамы Астана медресесіне барды
Астана қаласының бас имамы қызметіне жаңадан тағайындалған Нұрбек қажы Әуесханұлы Астана медресе-колледжіне арнайы барып, білім ордасының ұжымы және шәкірттерімен кездесті.
Кездесу барысында бас имам медресе-колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, оқу үдерісі мен тәрбиелік жұмыстардың жай-күйіне назар аударды. Сонымен қатар ұстаздар қауымымен жүздесіп, діни білім беру ісінің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты.
Шәкірттермен өткен жүздесуде Нұрбек қажы Әуесханұлы білім алудың қадірі, ізденіс пен көркем мінездің маңызы жөнінде насихат айтып, жастарға сәттілік тіледі.
Кездесу соңында оқу орнының жұмысына береке тілеп, діни білім мен тәрбие жолындағы игі істердің жалғаса беруіне ниет білдірді.
























Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі