Қазақ ғалымдары Мысырда өткен вебинарға қатысты

11 тамыз 2020 3799 0
Оқу режимі

Мысырдағы Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл философ Абайдың туғанына 175 жыл» атты вебинар өтті.

Онлайн форматта өткен шараға Қазақстан тарапынан Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Құрманғазы Садыбаев пен Әл-Фараби атыдағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы, PhD доктор Ықтияр Палтөре қатысты. Вебинарға қатысушылардың арасында Мысыр елінің білікті тіл мамандары мен әдебиетшілері және оқу-ағарту ісіндегі қайраткерлері де болды.

Кемеңгер тұлғаның 175 жылдығына орай Құрманғазы Садыбаевтың тәржімалауымен ақынның өлеңдері мен поэмалар жинағы, ал Ықтияр Палтөренің Абайдың қара сөздері араб тілінде оқырманға ұсынылады. Кітап Біріккен Араб елдері лигасы мен Қазақстандағы Ұлттық аударма бюросының жетекшілгімен жақын күндері жарық көреді.

 

Пікірлер Кіру