ҚМДБ Діни сараптама бөлімі діни дүкен иелерімен онлайн жиналыс өткізді

20 қазан 2026 61 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы аясында муфтият ғимаратында кітап тақырыбына арналған келелі жиын өтті. Іс-шараны ҚМДБ-ға қарасты діни сараптама бөлімі ұйымдастырып, оған діни әдебиеттер сататын дүкен иелері мен өңірлердегі жауапты мамандар Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты. 

Басқосудың негізгі мақсаты – діни әдебиеттерді сату тәртібін жетілдіру, мешіт жанындағы діни дүкендердің жұмысын жүйелеу және діни сараптама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Жиынға наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы және Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Кенжалин қатысты. Кездесу барысында діни әдебиеттерді сараптаудан өткізу тәртібі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң қорытындысын алған кітаптарды сату, сондай-ақ діни дүкендердегі әдебиеттердің мазмұны мен сапасына тұрақты бақылау жүргізу мәселелері талқыланды.






​

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру