ҚМДБ өкілі халықаралық жиында баяндама жасады
Бүгін «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Сьезі аясындағы дінаралық және гуманитарлық ынтымықтастық» халықаралық жиыны өтті.
Аталған шараға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманкулов, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы Гүлсана Қожабай, сондай-ақ діни бірлестіктер, халықаралық ұйымдар мен еріктілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының тапсырмасымен Жастар ісі секторының меңгерушісі Нұрболат Советханов та қашықтан қосылып, баяндама жасады.
ҚМДБ өкілі қатысушыларға Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, Діни басқарманың жастармен жұмыс бағытындағы қызметіне тоқталды. Нақтырақ айтқанда жас буынды еріктілікке, қоғамдық пайдалы істерге жұмылдыру бағытында атқарылып жатқан істермен таныстырды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі