ҚМДБ Қажылық бөлімі қажылық компаниялармен кездесу өткізді
02 қараша 2026
61
0
Оқу режимі
Алматыда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сай Қажылық бөлімі мен қажылық қызметін ұйымдастыратын компания басшыларының кездесуі өтті.
Жиынға наиб мүфти, қажылық миссиясының төрағасы Ермек Мұқатай қатысты. Кездесуді ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Ерболат Нұрылдаұлы жүргізіп, миссия төрағасын қатысушыларға таныстырды.
Басқосу барысында алдағы қажылық маусымына дайындық, ұйымдастыру жұмыстары және қажылық қызметінің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиынға қатысқан «Нұрхан Тревел», «Атлас Туризм», «Тауаф Тревел» және «Хикмет Тревел» компанияларының басшылары жұмыс бағыттарымен бөлісіп, қажылық сапарға арналған киім үлгісін талқылады.





/
/




Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру