ҚМДБ төрағасы Diyanet tv арнасы жұмысымен танысты (ФОТО)

03 желтоқсан 2021 2070 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Түркиядағы сапары жалғасуда.

Діни басқарма төрағасы Анкарада орналасқан DIYANET  TV телеарнасының редакциясын аралап, жұмысымен танысты. Сондай-ақ Бас мүфти DIYANET TV телеарнасына арнайы сұхбат берді.

2012 жылы ашылған телеарна тәулік бойы екі тілде хабар таратады. Арнада балаларға арналған хабарларға дейін қамтылған.

Кездесу барысында Бас мүфти DIYANET TV арнасы мен Діни басқарманың «Мұнара» телеарнасы арасында әріптестік байланыс орнату жөнінде келісімге келді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру