ҚМДБ төрағасы Ғұламалар кеңесінің жұмысын қорытындылады (ФОТО)

25 ақпан 2021 265 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласында өткен Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХІХ мәжілісінің жұмысын қорытындылады.

«Ғұламалар кеңесінің ХХІХ мәжілісінің күн тәртібінде 4 концептуалды құжат пен 5 пәтуа талқыланды. «Үздіксіз білім беру» тұжырымдамасы, «Мұсылманның әлеуметтік желіні қолдану әдебі», «Исламдағы жастардың тұлғалық бейнесі», «Зекет жинау мәдениеті» сынды құжаттар мен «Екпе егу үкімі», «Төлем карталарын қолдану үкімі», «Сақтандыру қызметі үкімі», «Баланы қамқорлыққа алу үкімі» секілді пәтуаларды ғұламаларымыз жан-жақты талқылады. Ғұламалар кеңесі ашық пікір алаңы болғандықтан, ғалымдарымыз өз ойларын ашық айтып, уәжін дәлелмен жеткізіп, дауыс беру тәртібімен пәтуа қабылдады», - деді журналистерге берген сұхбатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жуырда пәтуа мәтіні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру