ҚМДБ Төрағасы мұқтаж отбасына баспана кілтін табыс етті (ФОТО)

17 қазан 2020 196 0
Оқу режимі

«Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 283-ші баспана екі бірдей баласы сал ауруына шалдыққан жалғыз басты ана Таңсамал Хайыроваға бұйырды.

«Алла Тағала мұсылманның мұсылманға қамқор болуын бұйырған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағытының бірі де қайырымдылық. Осы ретте, мүфтиятқа қарасты «Зекет» қоры арқылы 283-ші баспана екі бірдей науқас баланы жалғыз тәрбиелеп отырған батыр анаға бұйырып отыр. Шаңырағыңыз шаттыққа толсын. Қуанышыңызға ортақпыз» деді Бас мүфти.

Айта кеткен жөн, Таңсамал Хайырова 2013 жылдан бері пәтер жалдап, баспана азабын тартып келеді. Үй кілтін алып тұрып көзіне жас алған ана:
«Алла Тағала сіздерге разы болғай. Екі баламен жүріп, үйден үйге көшу оңай емес. Біз үшін бұл өміріміздегі ең ерекше, ұмытылмас сәт» деді баспана бақыты бұйырған Таңсамал Хайырова.
Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласынан тапсырылып отырған екі бөлмелі пәтерде барлық жағдай жасалған. Салтанатты шара соңында Бас мүфти қайырымдылыққа атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.


 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру