ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

04 наурыз 2026 61 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі мешіт қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айына орай арнайы сый-сияпат табыстады.

Бас мүфти дін қызметкерлерінің ел ішіндегі рухани тұрақтылықты нығайту жолындағы еңбегін ерекше атап өтіп, олардың қызметіне береке тіледі. Рамазан сыйы – сауапты айда халыққа қызмет етіп жүрген имамдар мен мешіт мамандарына көрсетілген құрметтің белгісі екені айтылды.

Сондай-ақ сапар аясында «Зекет және қайырымдылық» қоры ұйымдастырған «Өмірге үміт сыйла» акциясына қатысып, денсаулығына байланысты еміне көмек сұрап келген азаматқа 1 000 000 теңге көлеміндегі сертификатты табыстады.

Игі шара барысында Бас мүфти сырқат жанға Алла Тағаладан шипа тілеп, сауапты іске атсалысып жүрген жандарға алғысын білдірді. Мұндай қайырымдылық бастамалар қоғамдағы жанашырлық пен бірлікті арттыра түсетіні ерекше атап өтілді.










Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру