ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ САН-ФРАНЦИСКО ШЫҒАНАҒЫ АЙМАҒЫНЫҢ ИМАМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

03 ақпан 2026 79 0
Оқу режимі

АҚШ-қа жасалған жұмыс сапары аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сан-Франциско шығанағы аймағындағы ірі ислам орталықтарының бірі — Muslim Community Association (MCA) of the San Francisco Bay Area (Сан-Франциско шығанағы аймағындағы Мұсылман Қауымдастығы) директоры, имам Фуад Мұхаммед мырзамен кездесті.

Кездесуге ҚМДБ делегация мүшелері мен MCA қауымдастығының қызметкерлері қатысты.

Жүздесу барысында тараптар діни ағарту жұмыстары және қоғамдағы өзара құрмет пен келісімді нығайту мәселелерін кеңінен талқылады.

Бас мүфти өз сөзінде ислам дінінің бейбітшілік пен мейірімге үндейтін асыл құндылықтарын атап өтіп, Қазақстандағы діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау және конфессияаралық келісімді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Өз кезегінде имам Фуад Мұхаммед Bay Area аймағындағы мұсылман жамағатының қызметі, жастар мен отбасыларға арналған білім беру бағдарламалары, қайырымдылық және қоғамдық бастамалар жөнінде баяндады.



























Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру