ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ЖАҢА КІТАПХАНАНЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
06 қыркүйек 2026
78
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына барған сапарында «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен жаңа кітапхананың ашылу рәсіміне қатысты.
«Кітапхана жай ғана кітап сақталатын орын емес, ол адамның ой-өрісін кеңейтетін, ізденісіне жол ашатын, ұрпақты білімге және парасатқа бастайтын рухани орталық. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы озық ойлы ұлт болу үшін кітап оқитын, білімге ұмтылатын қоғам қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын. Бұл жерде жастарымыз тағылымды кітап оқып, ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерімен танысып, діни және зайырлы білімді қатар меңгереді деп сенемін» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.






Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру