ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ АЙТ НАМАЗЫМЕН БАСТАЛДЫ
27 мамыр 2026
121
0
Оқу режимі
Бүгін, 27 мамыр күні, қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне орай Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналып, бірлік пен бауырмалдықтың нышаны болған ұлық мейрамды ұлықтады.
Еліміздің барлық мешіттерінде имамдарымыз жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтайды.

























































Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру