ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

07 маусым 2023 1243 0
Оқу режимі

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы ІІІ республикалық байқауы басталды.  

Республикалық байқау Құран Кәрім аяттарын оқуымен басталды. Байқаудың ашылу салтанатында ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы алғысөз сөйлеп, қатысушы қари қыздарға сәттілік тілеп батасын берді. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы және төрешілер – Байкен мешітінің бас имамы Данияр қари Жұмабаев, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік қари Ахметов, үміткерлер мен қари ұстаздар, сондай-ақ байқау ұйымдастырушыларының қатысуымен көптен күткен дүбірлі дода – Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы ІІІ республикалық байқауы басталды.

Айта кетейік, сайыста қари қыздар 5 пара, 10 пара, 20 және 30 параны жатқа оқудан бақ сынасады. 62 үміткер қатысып жатқан байқау екі күнге жалғасады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру