РАНТ мүшесі Астана медресе-колледжінде дәріс оқыды

04 мамыр 2026 34 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы медреседе діни білім алып жатқан шәкірттермен кездесу өтті. Жүздесуге ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қаюпов Ислам Маратұлы қатысып, уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында жастардың діни сауатын арттыру, оларды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтау және күмәнді діни көзқарастардан қорғану жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жат ағым өкілдерінің қолданатын тәсілдері мен олардың белгілеріне тоқталып, мұндай ықпалдарға қарсы тұру үшін білімнің маңызы айтылды.

Сонымен қатар шәкірттерге діни ілімді дұрыс бағытта алу, сенімді дереккөздерге сүйену және білікті ұстаздан білім алудың қажеттігі түсіндірілді. Дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану, ұлттық таныммен сабақтастықты сақтау және бірлікке ұмтылу мәселелері де назардан тыс қалмады.

Жүздесу соңында шәкірттер көкейдегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру