РАНТ МҮШЕСІ АСТАНА ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

21 қараша 2023 626 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) жұмыс кестесіне сәйкес Астана қаласы өкілдігі бойынша бірқатар жүздесулер ұйымдастырылды. Ел астанасына ресми іссапармен келген РАНТ мүшесі, дінтанушы, Алматы қаласындағы «Заря Восток» мешітінің бас имамы Ахметов Қазбек Пазылбекұлы бірнеше мешіттің жамағатымен жүздесіп, мемлекеттің мекемелерде кездесу өткізді.

Атап айтқанда, білікті маман «Ақмешіт», «Әл-Ғани», «Ғылмани» мешіттерінде «Діни жат ағымдардың зардабы», «Мәзһабтың маңыздылығы», «Саудадағы алаяқтық» тақырыптарында орыс тілінде тұшымды уағыз айтып, «Астана» медресе-колледжінің шәкірттерімен еркін форматтағы сұхбат-насихат жүргізді.

Сондай-ақ, Қазбек Пазылбекұлы Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының ұйытқы болуымен №8 қалалық емхана мен Зағип жандарға арналған кітапханада кездесулер өткізді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру