РАНТ мүшесі Ислам институтында уағыз-насихат айтты

04 мамыр 2026 26 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Хусамиддин ас-Сығанақи» атындағы ислам институтында діни оқу-ағарту бағыты аясында студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің маманы, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қаюпов Ислам Маратұлы қатысып, «Ханафи мазһабы және Матуриди сенімі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Жүздесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтары, мазһаб ұстанудың маңызы және діни сенімнің дұрыс негіздері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жастардың діни сауатын арттыру, күмәнді діни көзқарастардан сақтану және сенім мәселесінде дұрыс бағытты ұстану жайы сөз болды.

Бұдан бөлек, қазіргі қоғамда кездесетін жат ағымдардың белгілері мен олардың зиянына тоқталып, одан сақтанудың жолдары айтылды. Студенттерге діни білімді сенімді дереккөздерден алып, білікті ұстаздардан үйренудің маңызы ескертілді.

Кездесу соңында қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру