РАНТ МҮШЕСІ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ДӘРІС ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)

13 ақпан 2026 70 0
Оқу режимі

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа арналған рухани-танымдық дәріс ұйымдастырылды. Кешкі ақшам намазынан кейін өткен бұл кездесуге Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Медет Құрмашұлы ұстаз қатысып, «Нәпсі тәрбиесі» тақырыбында уағыз айтты.

Дәріс барысында ұстаз ислам іліміндегі нәпсі ұғымына тоқталып, оның адам өміріндегі орны мен маңызын түсіндірді. Ол нәпсіні тәрбиелеу – мұсылман баласы үшін ең маңызды рухани міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Дәріс барысында жамағатқа күнделікті өмірде нәпсіні тәрбиелеудің нақты жолдары да айтылды. Атап айтқанда, тұрақты ғибадат ету, өзін-өзі есепке алу, артық сөз бен әрекеттен сақтану, пайдалы ілім үйрену және жақсы ортада жүрудің маңызы түсіндірілді.

Пікірлер Кіру