Ресей мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау жолдады

07 ақпан 2020 3996 0
Оқу режимі

Ресей мұсылмандарының басшысы, шейх Равиль Гайнутдин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Бас мүфти болып сайланған Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау лебізін жолдады.

Аса қадірменді Наурызбай қажы Тағанұлы!

Сізді Ресей федерациясы мұсылмандарының діни басқармасы мен Ресей мүфтилерінің кеңесі атынан және өз атымнан Қазақстан мұсылмандарының Бас мүфтиі қызметіне сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Ресей федерациясы мұсылмандарының діни басқармасы, Ресей мүфтилерінің кеңесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында ұзақ жылдар бойы сан салалы байланыс орнап келеді. Ынтымақтастық пен бауырлас байланыс арқасында көптеген жобалар мен бағдарламалар жүзеге асты.

Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы! Осы жылдар ішінде біздің қадірменді бауырымыз Серікбай Қажы Ораздың бірінші орынбасары ретінде көптеген жұмыстар атқарып, көрегенділік пен сауаттылықтың жарқын үлгісін таныттыңыз.

Қазақстан мұсылмандарының Бас мүфтиі қызметін атқара отырып, Сіздің асыл дініміздің жолында шынайы құлшыныс көрсетіп, үммет бірлігі мен гүлденуі жолында жемісті қызмет жасайтыныңызға сенімімз мол.

Алла Тағала сізге қажымас күш-жігер сыйлап, игілікті істер мен жемісті жұмыстарыңызға берекесін бергей!

Шейх Равидь Гайнутдин
Ресей федерациясы мұсылмандары діни басқармасының  және Ресей мүфтилері Кеңесінің төрағасы

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру