РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕДРЕСЕАРАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

16 наурыз 2023 1507 0
Оқу режимі

Жуырда ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімі мен  «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен Республикалық медресеаралық Құран кәрім жарысы өтті.

«Сарыағаш» медресе-колледжінде өткен тағылымды жарыстың ашылуында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы сөз сөйлеп, Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін   жеткізді.

Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қыздар арасында «3 пара» және «2 пара» және «Құранды мәнерлеп оқудан» жарыс болса, екінші бөлімде ер балалар үш номинация: «5 пара», «3 пара» және «Құранды мәнерлеп оқу» бойынша бақ сынады. Жарысқа ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешіттің наиб имамы, елімізге танымал қари Серік Ахметов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары Руслан Парпиев пен Зоя Жекейхан, сондай-ақ «Бала би» Қарилар дайындау орталығының ұстаздары Нұрболат Қазыбеков пен Айдана Сейтхан төрелік жасады.

 

Ер балалар арасындағы Құран жарысының нәтижесі

«5 пара» номинациясы бойынша:

1-орын (Ұмра қажылығы) – Жұмағұл Ырысалды («Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті)

2 орын – Есімбек Арсен  («Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті)

3-орын – Әділгерей Нұрбек («Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірті)

 

«3 пара» номинациясы бойынша:

1-орын – Султонов Искандар («Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті)

2-орын – Курманалиев Аскар («Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірті)

3-орын – Қадимов Нұрсат («Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірті)

 

«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

1-орын – Балтабай Ұлан («Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті)

2-орын – Абдукаримов Хусеин («Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті)

3-орын – Әбілда Әділби («Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірті)

 

Қыздар арасындағы Құран жарыс нәтижесі

«3 пара» номинациясы бойынша:

1-орын (Ұмра қажылығы) – Жарас Аиша («Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті) 

2-орын – Аханова Дария  («Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті) 

3-орын – Огаликова Ортиқой («Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті)

 

«2 пара» номинациясы бойынша:

1-орын – Урунбаева Самал («Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті) 

2-орын – Абдиева Елана («Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірті) 

3-орын – Сабурова Шахло («Шымкент» медресе-колледжінің шәкірті)

 

«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша:

1-орын – Әлімбаева Раушан («Шымкент» медресе-колледжінің шәкірті)

2-орын – Қабылхан Дариға («Сарыағаш» медресе-колледжінің шәкірті)

3-орын – Оразғали Жамиля («Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірті) 

 

Жарыс жеңімпаздарына бас жүлде – ұмра қажылығына жолдама және жүлдегерлерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы дипломы және қаржылай сыйлық табысталды. Сондай-ақ жарысқа қатысқан шәкірттерге де ынталандыру сыйлығы берілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру