«Рухани жастар» қанатының кезекті жиналысы өтті (ВИДЕО)

02 ақпан 2020 4745 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі, «Рухани Жастар» қанатының кезекті кездесу жиналысы болып өтті. Аталмыш басқосуға дизайнер Сымбатбек Дәрігерхан арнайы шықырылған болатын. Жас маман бүгінде графикалық дизайн өнерінің майталманы. Әрі «Рухани Жастар» қанаты логотипінің авторы. Оның бүгінгі күнде өз тұтынушылары мен белгілі аудиториясы бар. Әрі бірнеше ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасайды. Сымбатбек жиналған қауымға брендинг, нетворкинг мәселелері төңірегінде тұщымды ойлар айтып, өз білімімен бөлісті. 

Сондай-ақ, инстаграм желісінде ұлағатты сөздерге үздік пікір жазғаны үшін «Ең үздік Пікір»  номинациясы берілді. Бұл номинацияға «Рухани Жастар» қанатының мүшесі  Нұрлыбай Алтаев лайықты деп танылып, әлеуметтік желіде белсенділік танытқаны үшін арнайы сыйлық табысталды.

Жиын соңында ұйымның болашақ жұмыстары талқыланды.
 

Пікірлер Кіру