Сьезд хатшылығының қатысушылары Бас мешітпен танысты (ФОТО)

07 қазан 2021 2865 0
Оқу режимі

Қазан айының 5-6 күндері Елорда төрінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIX отырысы өткен болатын. Айтулы шараға әлемнің түкпір-түкпірінен жауапты мамандар қатысып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, VII Съезге дайындық барысы, пленарлық және секциялық отырыстарының форматы, сондай-ақ тақырыбын анықтау, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі көрнекті рөлі туралы арнайы құжат қабылдау жұмыстары талқыланды.

Екі күнге созылған Хатшылық отырысы аяқталысымен құрметті қонақ Елорда төріндегі республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, қазақ жүртының Бас құлшылық ордасымен танысып қайтты.

БАӘ Мұсылман ақсақалдар Кеңесінің бас хатшысы Султан Фейсал Ремейти, Зерттеу орталығының жетекшісі Джамаль Мухаммед Даруиш әл-Самне, атқарушы үйлестіруші Ахмед Юсиф Ахмед Шайх Альзааби және Пәкістан Ислам республикасының Исламабад Халықаралық Ислам университетінің Ислами зерттеу институтының бас директоры Мухаммед Зия уль-Хак мырзалар құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, ортақ байланыс орнатып қайтты.

Құрметті қонақтарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов өзі қарсы алып, республикалық Бас мешіт жайында құнды мағлұматтарға қанықтырды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру