ШӘКӘРІМНІҢ «МҰСЫЛМАНДЫҚ ШАРТЫ» КІТАБЫНЫҢ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

22 қараша 2023 947 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттеріне исламдағы парызға, уәжіп пен сүннет амалдарына, мүбах, харам, мәкрүһ қатарлы әрекеттерді нақты мысалдармен жете талдап түсіндірген Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» кітабының аясында ашық сабақ өтті.

Шәкірттер алдын ала кітапты оқып келіп, бүгін оқыған мәліметтерімен бөлісті. Сабақ соңында тақырыпқа қатысты тест ұйымдастырылып, сыйлыққа кітаптар берілді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру