«Шейх Кунта қажы» мешіті 20 отбасыға жәрдем көрсетті (ФОТО)

24 қараша 2020 339 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінің ұйымдастыруымен кеше Елордамыздағы 20 мұқтаж отбасыға азық-түлік түрінде жәрдем көрсетілді. Құлшылық ордасының бас имамы болып жақында ғана тағайындалған Ибрагим Сматаевтың ұйытқы болуымен мешіт жамағаты сауапты іске белсене атсалысып, азық-түлік сөмкелеріне үйлеріне жеткізіп берді.

Қайырымдылық шарасына Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін білдірді. Сауапты іске атсалысқан барша жандарға алғысын білдіріп, қайырымдылық шаралардың жалғасты болуын тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру