«Шейх Кунта қажы» мешітінде қазақ тілін үйрену курсы басталды (ФОТО)

18 ақпан 2022 3099 0
Оқу режимі

Қасиетті жұма күні Елордадағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде игі жобаның тұсауы кесіліп, бүгін алғашқы отырысы болып өтті. Мешіт бас имамы Ибрагим Сматаевтың ұйытқы болуымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауы арқасында «Қазақ тілін үйрену» тегін курсы өз жұмысын бастады.

Мешіт жамағатының көбі өзге ұлт өкілі болғандықтан «Қазақ тілін үйрену» курсы бастала салысымен өтініш білдіргендердің саны 20-дан асып жығылды. Арнайы бекітілген ұстаз Бекмұханбетов Алмас Серікұлы мемлекеттік тілді үйренуге ықылас білдірген жамағатпен жүздесу өткізіп, жалпы курс жөнінде мағлұмат беріп өтті.

Шара соңында мешіт бас имамы Ибрагим Сматаев жобаның жемісті болуын тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру