ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛҒАЙ!

16 желтоқсан 2021 3081 0
Оқу режимі

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Алланың халқымызға нәсіп еткен нығметі – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге мықты денсаулық, әр отбасыға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін.

Егемендігімізді баянды ету – баршаға ортақ асыл іс. Әр ата-ана өз ұрпағын тәуелсіздікті қастерлеуге үйретсе, мектеп мұғалімі оқушыны отаншыл болуға баулыса болашағымыз баянды болмақ.

Біз жастардың санасына «мен елімнің ертеңі үшін қандай үлес қоса алам?» деген ойларды сіңіріп, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін барынша сезіндіре түсуіміз керек.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру