«Төлебай» мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы өтті (ФОТО)
23 қаңтар 2021
3255
0
Оқу режимі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің тапсырмасы аясында «Төлебай» мешітінде «Қайырымды жұма» акциясы өтті. Шара барысында 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері үлестірілді.
Айта кетсек, діни басқарманың бастамасы негізінде еліміздегі мешіттерде әр жұма сайын «Қайырымды жұма» игі шарасы дәстүрге айналып келеді.
«Жұма сайын игі дәстүрге айналған «Қайырымды жұма» акциясы бүгін біздің мешітте жалғасын тапты. Алла Тағала баршамыздың қасиетті жұма күні жасаған амалдарымызды қабыл етсін!», деді «Төлебай» мешітінің бас имамы Асхат Салимов.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру