V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІ ӨТТІ

24 сәуір 2026 111 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 25-26 сәуір күндері өтетін Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы V республикалық байқаудың жеребе тарту рәсімі өтті.

Түркістан облыстық Қожа-Ахмет Яссауи орталық мешітінде өткен жеребе тарту рәсіміне Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы, Түркістан облыстық орталық мешітінің бірінші наиб имамы Өсімхан Тлеуов және әділқазылар алқасының мүшелері Арайлым қари Қуатова, Зоя қари Жекейхан, үміткерлер мен қари ұстаздар, сондай-ақ байқау ұйымдастырушылары қатысты.

Сәуір айының 25-26 күндері өтетін байқауда қари қыздар 5 пара, 10 пара, 20 және 30 параны жатқа оқудан бақ сынайды.

Айта кетейік, биылғы байқауға 69 қари үміткер ретінде тіркелген.








 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру