XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ: БҮГІН ҮШ НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР СЫНҒА ТҮСУДЕ

05 қыркүйек 2026 76 0
Оқу режимі

Бүгін Ақтөбе қаласындағы орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша XV республикалық байқау өтуде.

Еліміздің әр өңірінен келген үздік қарилар Құран Кәрімнің 10, 20 және 30 парасын жатқа оқу, сондай-ақ мәнерлеп оқу бойынша төрт номинацияда бақ сынауда.

Бүгін таңертең басталған байқауда «10 пара» номинациясы бойынша сайыс мәресіне жетіп, қазіргі уақытта «20 пара» номинациясының қатысушылары өзара сынға түсуде. Бүгінгі жарыс одан әрі Құран Кәрімді мәнерлеп оқу номинациясымен жалғасады.

Ал ертең, 6 қыркүйекте, «30 пара» номинациясы бойынша қарилар бақ сынайды.

Байқау барысы «Мүфтият» YouTube арнасынан және «МұнараТВ» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.

Тікелей эфир сілтемесі: https://www.youtube.com/live/n4IiU_YXoJM?si=nNafin4yfYcN9kBL 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру