«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ АУЫЗАШАРДА ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАП ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)
26 ақпан 2026
31
0
Оқу режимі
Қасиетті Рамазан айында «Ырыскелді қажы» мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен ауызашар барысында ораза тақырыбына арналған сұрақ-жауап кеші өткізілді.
Шараның мақсаты – жамағаттың Рамазан айына қатысты білімін арттыру, оразаның үкімдері мен артықшылықтарын кеңінен насихаттау және ауызашар сәтін рухани мазмұнмен толықтыру болды.
Қатысушыларға оразаның шарттары мен парыздары жөнінде түрлі сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталды. Белсенділік танытқан жастар игі бастаманың басы-қасында жүрді.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру