«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

12 наурыз 2026 50 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігі «Ырыскелді қажы» мешітінің Жастар ісі секторына жауапты маманы Ағзамжан Исмайловтың ұйымдастыруымен студент шәкірттерге арнайы ауызашар дастарханы жайылды.

Шара барысында наиб имам Сұңғат Саметов жастық шақтың қадір-қасиеті, білім алудың маңызы және елге пайдалы болудың мәні туралы тағылымды насихат айтты. Сонымен қатар мешіт ақсақалы өмірден түйген өнегелі ойларымен бөлісіп, студенттерге ақ батасын берді.

Қатысушылар жылы қабылдау мен рухани тәрбиелік сөздер үшін ризашылықтарын білдіріп, мазмұнды және берекелі кештен жақсы әсер алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру