ЖАМАҒАТҚА «БЕРІК ОТБАСЫ – БАЯНДЫ БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)
«Көктал» мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен отбасылық семинар өтті. Шараны мешіт бас имамы Сәбит Әзімбекұлы жүргізіп, жамағатқа тағылымды насихат айтты.
Жиын «Берік отбасы – баянды болашақтың іргетасы» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Насихат барысында имам қазіргі қоғамда отбасы құндылығының әлсіреп, ажырасу жағдайларының көбейіп бара жатқанын атап өтіп, жастарға отбасының маңызын түсіндіру аса маңызды екенін жеткізді.
Сондай-ақ отбасы – мықты ұлттың негізі екені, ал берік отбасы қалыптасқан қоғамда бірлік пен тұрақтылық нығая түсетіні айтылды. Жиын барысында жастарға отбасындағы сыйластық, жауапкершілік, өзара түсіністік пен сабырдың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды семинардан пайдалы мағлұмат алды.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі