ЖАСТАР АРАСЫНДА КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

02 қыркүйек 2026 98 0
Оқу режимі

Елордада Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «RUHANI QUMBEZ» жобасы аясында конфессияаралық үстел теннисінен турнир өтті.

Спорттық іс-шараға түрлі конфессия өкілдері қатысып, үстел теннисінен өзара бақ сынады. Турнирдің басты мақсаты – дінаралық татулық пен өзара түсіністікті нығайту, түрлі діни бірлестіктер өкілдері арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының атынан елордалық шәкірттер де белсенді қатысты. Олар спорттық дода барысында өзара тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдап, жақсы нәтижелер көрсетуге тырысты.

Сайысқа қатысқан елордалық шәкірттердің қатарында Астана қаласындағы «Нұрсұлтан» мешітінің шәкірті Өмірұзақ Оразбек те болды. Ол тартысты бәсекеде қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетіп, нәтижесінде ІІ орынға ие болды.

Айта кетейік, «RUHANI QUMBEZ» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл турнир түрлі конфессия өкілдерін ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, татулық пен ынтымақтастықты дәріптеуге бағытталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру