Етпетінен жатып ұйықтауға бола ма?

15 желтоқсан 2020 5339 0
Оқу режимі

 

Ассалаумағалейкум! Етпетінен жатып ұйықтауға болмайды дейді. Сол рас па? Дәлелдермен түсіндіріп берсеңіздер. 


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кейбір сахабаларының ішпен жатқанын көріп: «Расында, мұндай жатыс Алланы ашуландырады[1]» және бір риуаятта: «Анығында, мұндай жатыс – тозақ иелеріне тән[2]», – деп айтқан екен. Сондықтан, ішпен жату – мәкрух. Сырқат сияқты бір себепке байланысты ішпен жатуға зәрулік болмаған жағдайда қарынмен жатпаған жөн.

Ал, арқамен жату немесе сол жамбаспен жатуға қатысты тыйым салатын деректер келмеген. Дегенмен, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Төсегіңе келсең намазға дәрет алғандай дәрет ал, сосын оң жағыңмен жат[3]», – деген кеңесіне орай оң жамбаспен жату – абзал.

Пікірлер Кіру