Қист-һинди қандай дәрі?

01 қыркүйек 2020 11818 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Кист-аль-хинди дәрісін емдік шипа ретінде ішуге бола ма? Қандай кеңес бере аласыздар бұл дәрі жөнінде? Жанат Баекенов


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Бұл емдік өсімдік – қист-һинди немесе қист-бахри деп те аталады. Әнас бин Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте бұл өсімдік жайлы былай деп айтылады: «Расында, сендер емдікте қолданған ең жақсы әдіс – хижама және қист бахри[1]».

Пайғамбар (с.ғ.с.) қист-Һинди шөбінде жеті түрлі шипа бар екендігін айтқан. Қист-һинди – мисуак сияқты таяқша. Ол екі түрлі: тәтті және өте ащы. Алайда, бұл қасиеттеріне қарамастан екеуі де өте пайдалы. Дегенмен, ащысы көбірек пайдалы.

Аталмыш емдік өсімдік – жеті дертке, атап айтқанда, етеккір қаны мен несепті жүргізуге, ішек құртын өлтіруге, уды қайтаруға,  безгек пен ісікті басуға, асқазан жарасына, жыныстық белсенділікті арттыруға және денедегі дақтарды кетіруге таптырмас дауа[2].

Қист-һиндиді қолдану әдісі: дәрі ретінде ішу, мұрынға тамызу, денеге ысқылап жағу және түтетуге болады.

Кеңірек айтқанда, қист-һинди таяқшаларын ұнтақтап, сосын қасықтың 4/1 бөлігіндей су немесе балмен араластырып ішу. Оны түскі немес кешкі астан алдын немесе ұйқыға жатардан алдын ішуге болады.

Сонымен бірге, майға араластырып мұрынға тамызуға да болады. Бұл мұрын қуысының аурулары мен иіскеу сезімін қалпына келтіруде және өкпе қабынуын емдеуде пайдалы.

Ем-шара жасаудың тағы бір тәсілі зәйтүн майына араластырып, біраз отқа қойып денені ысқылауға болады.

Ең маңыздысы, рухани дертке пайдалы. Адамның бойындағы рухани сырқатты емдеуде зор көмегі бар.

 


[1] Фатхул-Бари.
[2] Фатхул-Бари.

Руслан Камбаров

Пікірлер Кіру