ӘЙЕЛГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС…
13 қазан 2025
1244
0
Оқу режимі
Саған өте маңызды, тіпті сенбейтіндей құпияны айтайын. Бірақ қоғамдағы болған жағдайлар мен тәжірибелер айтқандарымның шын екенін дәлелдейді:
- Ешқашан күйеуіңе құрбыңның телефонынан қоңырау шалма. Қандай себеп болса да, бұл әрекетке барма.
- Күйеуіңнің саған көрсетіп жүрген бақытын, саған жасаған жақсылығын құрбыңа айтып мақтанба.
- Күйеуіңнің әлсіз жақтарын ешқашан құрбыңа ашпа.
- Құрбыңа күйеуіңнің сені еркелететінін, сенің өміріңнің сәнге толы екенін айтпа.
- Күйеуіңнің құпияларын, әсіресе егер құрбың тұрмыста болса, онымен бөліспе. Себебі ол оны күйеуіне айтады, күйеуі досына айтады, досы тағы біреуге айтады… Осылайша күйеуіңнің сыры сенің кесіріңнен әшкере болады.
- Күйеуіңмен араңда бір мәселе туындаса, құрбыңнан көмек сұрама. Өз араңдағы мәселені өзің шеш. Әйтпесе шайтан үшінші адам болып араға түсіп кетуі мүмкін.
Қадірлі қарындасым,
Егер жоғарыда айтылғандарды істейтін болсаң, екі қиындықтың арасында қалуың мүмкін:
— Егер құрбың тұрмыста болып, күйеуімен қиын өмір сүріп жатса, сенің бақытыңа қызғанышпен қарайды.
— Ал егер ол бойдақ болса, күйеуіңе қызығып, оны арбап алуға тырысуы мүмкін.
Сондықтан үйіңнің сырын ешкімге айтпа. Білгеніңнің бәрін бөлісу міндет емес. Өміріңдегі барлық нәрсені айтып жүру де дұрыс емес. Отбасыңның құпиясы — қызыл сызық болсын. Күйеуің туралы жақсысын да, жаманын да айтпа.
Өзіңді өзің сақта, жан тыныштығың мен отбасыңның тұтастығы үшін.
Пікірлер
Кіру