CҰЛТАНМАХМҰТТЫҢ 16 ЖАСЫНДА ЖАЗҒАН ӨЛЕҢІ

23 қазан 2023 1382 0
Оқу режимі

Жан қайда әділетті іздейтұғын,

Адамшылық атақты көздейтұғын.

Тірлік пен өлген күнді бірдей ойлап,

Екі жайдан күдерді үзбейтұғын.

Арамға азғырғанды сезбейтұғын.

Арам ойдың қиялын кезбейтұғын.

Көріне шайтан келіп азғырса да,

Адамдық ар-иманнан безбейтұғын.

Нашарды, момындарды езбейтұғын.

Арамдық теңізіне жүзбейтұғын.

Айтылған уағданы берік ұстап,

Айныма, мылжың сөзді езбейтұғын.

Бағалап «алтын», «күміс», «жез» дейтұғын,

Байлаулы соңың сөзі-сөз дейтұғын,

Айтқаны, істегені ақтық жолы,

Құрулы елде әділ тез дейтұғын...

 

Пікірлер Кіру