ИСЛАМ КЕШІРГЕНДІ ҚОЛДАЙДЫ

20 қазан 2025 1249 0
Оқу режимі

 Исламдағы кешірудің ерекшелігі немесе не себепті кейде кешірмеу керек?

 Кешіру - рухының мықтылығының, адамгершілігінің жоғары, жүрегінің тірі және иманының жарықтығының белгісі. Одан бөлек, кешірім, мейірімділік танытудың түрі ретінде, Ұлық Құдай мейірімі түсуіне себепкер болады.

Абдулла ибн Амрдың жеткізуінше Алла Елшісі (с.ғ.у.): “Мейірімді жандарға Ерекше Мейрімді Алла да кешірім жасап, мейірім көрсетеді. Жер бетіндегілерге мейірім көрсетіңдер, сол кезде аспандағы Құдай да сендерге мейірім көрсетеді!” (Ахмад, Әбу Дәуіт, ат-Тирмизи).

Кешіру жөнінде Құранда былай делінген: “Жақсы сөз бен кешіру, арты ренжітуге ұласатын садақадан мейірімдірек. Алла - Ғани (өте бай) және Халим (Ұстамды) (Бақара сүресіндегі 263 аят).

Кешіру кек алғаннан гөрі тақуалыққа (Құдайдан қорқуға) жақынырақ:

“Егер сіз кешіре алсаңыз ол сіздің тақуа екеніңізді көрсетеді. (Бақара сүресінің 237 аяты).

Кешірімділердің сауабы: “Жамандықтың жазасы бірдей жамандық. Ал кім де кім кешіріп, бітімгершілік жасаса, оның сыйы Алланың қасында.“ (Шура сүресі, 40-шы аят).

Кешірім жасау табандылықты қажет етеді: “Кім де кім сабыр етіп кешірім жасаса, расында бұл істерде сабыр ету керек.” (Шура сүресі, 53-ші аят).

Иман келтіргендер кешірімге ізгілік ретінде ұмтылады. Дегенмен кейбір жағдайлар ескерілмесе, бұл тілек ауыртпалыққа айналуы мүмкін, сөйтіп өкінішке әкелуі мүмкін.

1.Кешірім жасау парыз емес. Кейбір өкпе-наздар мен жарақаттар сондай терең де ауыр болуы мүмкін, ол ауыртпалықты әкелген адамды кешіру үшін, оған уақыт қажет және олар жазылуы үшін күш керек. Егер кешіру жайлы ойлар тым ауыр соғатын болса, онда дәл қазір болмайтын ерлікке ұмтылып, өзіңді қосымша жарақаттаудың қажеті жоқ.

2.Кейде кешірмеудің өзі пайдалы. Бір рухани ұстаз тауып айтқан екен: “Сені ренжіткен адамды ғана кешіру аса құптайтын нәрсе емес. Ұлық Құдай кешірімді оны түзеумен байланыстырып: “Егер біреу кешіріп қана қоймастан, артынан сол тірлікті түзеп қоятын болса, оның сыйлығын Алланың өзі береді,”-деген. (Шура сүресі, 40 аят). Егер істі ойлағаныңдай етіп түзей алмасаң, ол адамды кешірудің қажеті жоқ! Мысалы бір залым адам үнемі жұрттың бәрін ренжітіп, ақысын жеп жүреді. Мұндай адамды кешірудің қажеті жоқ, себебі сенің кешірімің оның зұлымдығын бұрынғыдан бетер арттырып жібереді. Қайта, оның жасаған зұлымдығы үшін және ол түзелуі үшін одан көп қылып алу керек.

Ал егер әңгіме мұнан соң саған еш жамандық көрсетпейтін адам жайлы болса, оны кешіргенің абзал. Себебі Ұлық Құдай жоғарыда айтты ғой: “Кешіріп, артынан істі оңалтқан адамның сауабын Құдайдың Өзі береді,”-деп. (Шура сүресі, 40 аят).

3.Кешіру сізді бұрынғы сенім мен қарым-қатынасты қалпына келтіруге міндеттемейді. Біреуді кешіру оның жасаған қателігін ұмыту деген сөз емес. Керісінше, мұндай жағымсыз эмоциялар мен ол туралы ойлардан арылған абзал, бірақ оның әлеуетін түсіну және қайтадан сатқындыққа жақындамау дегенді білдіреді. Екінші жағынан, егер ол адам тәубесіне келіп, өзінің өзгеруінің шынайылығын немесе тиянақтылығын үш реттен артық дәлелдесе, онда неге кешірмеске? Дегенмен мына бір хикметті есте ұстаған жөн: Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.): “Мүмінді бір іннен екі рет шаншып алмайды,”-деген хадисін жеткізген. (Бухари).

4.Ешқашан асықпаңыз және көп нәрсе талап етпеңіз. Құран Кәрімде: “Кім де кім сабыр сақтап, өзіне озбырлық көрсеткенді кешірсе, шүбәсіз бұл табандылық пен күш-жігерді талап ететін, сауабы зор іс болмақ,”-деп жазған. (Шура сүресі 43 аят). Көп адам бірден кешіре алмай үмітсіздікке ұшырайды. Бірақ киелі кітап есімізге салғандай кешіру табандылықты қажет етеді. Көбінесе бұл бірнеше рухани секірістермен қорытындылауға келмейтін көп сатылы және көп деңгейлі процесс.

Кешіру әрқашан өзін өзі жетілдірудің нәтижесі емес. Кейде ол өздігінен келеді.

Адам кек алудан бас тартып, өмірін жақсартуға ден қойып, еңбегінің алғашқы жемісін көруде. Содан кейін бонус ретінде, олар енді бұрынғы өкпелер азаптамайтынын, бұрынғының “көлеңкесі” арқылы тітіркенбейтінін және енді олардың жаман ниеті болған немесе болған адамдарға жамандық тілемейтінін байқайды. Бір психолог айтқандай: “Ең жақсы кек қайтару - ол жетістікке жету”. Бірақ рухани, дүнияуи, әлеуметтік жетістіктер - кешірімге алып баратын ең жақсы жол.

 

Дәурен Мұса

аударған Жүрсін Кәрім

 

Пікірлер Кіру