Сахабалармен бірге жасалған Пайғамбар (с.ғ.с.) дұғасы

11 шілде 2019 106 0
Оқу режимі

Оқылуы: «Аллаһуммә хаббиб иләйнәл-иимәәнә уә зәйинһу фи қулуубинә уә кәрриһ иләйнәлкуфра уәл-фусууқа уәл-‘йсянә уәж‘алнә минәр-раашидиин».

Мағынасы: «Уа, Алла Тағалам, бізге иманды сүйгізіп, оны жүрегімізде безендіре гөр! Сондай-ақ, бізге күпірлікті, күнәні және Өзіңе бағынбауды жек көргізіп, бізді тура жолда болғандардың қатарына қоса гөр!»

Ардақты сахаба Убәйд ибн Рифа‘адан (р.а.) жеткен бұл дұға Ахмәд ибн Ханбәлдің хадис жинағы мен басқа да хадис кітаптарында кездеседі. Бізге жеткен хабар бойынша Ұхуд шайқасынан кейін Меккелік мүшріктер кері қайтуға бет алған кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына: «Жиналып сап түзеңдер, сендермен бірге Раббыма мадақ айтайын», − дейді. Сахабалар бұл бұйрықты ести салысымен дереу жиналып Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) артында сап түзейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұзақ уақыт дұға етеді. Міне, осы дұға сол кезде айтылған дұғаның бір бөлігі болып табылады[1].

 


[1] Муснәду Ахмәд ибн Ханбәл, Муснәду әл-мәккиин 14945; Му‘жәм әл-кәбиир, 8-том, 99-бет; Файдуль-қадиир, 4-том, 521-бет.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру