ТІЛЕК-БАТА САРЫНЫНДА КЕЛЕТІН БЕСІК ЖЫРЫ (МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІ)

06 мамыр 2024 969 0
Оқу режимі

Бөбегім сені құрметтеп,

Мұхамбетке үмбет деп,

Бесікке салдық, балапан,

Мұсылман жолы сүндет деп.

 

Бөбегім менің бал, бөпем,

Тәңірім болсын жар, бөпем.

Иманды боп өссін деп,

Аллажар деп тербетем.

 

Әуелі, Алла, ілім бер,

Ілім берсең - білім бер,

Исламның дінін бер,

Ақын мен жырау үнін бер.

 

Өссін деп біздің баламыз,

Тербетер, бөпем, анаңыз.

Медет боп жүрсін қасыңда

Әзірет Сұлтан бабамыз.

 

Бойдың сұлу сынын бер,

Ойдың терең сырын бер,

Сөздің ырас - шынын бер,

Көздің раушан нұрын бер,

 

Мінілмей тұрған құр ат бер.

Құраннан мақсат бір-ақ бер.

Ән менен саз, шайырлар

Естуге соны құпақ бер.

 

 

 

Пікірлер Кіру