ӘЛЕМ ЖӘНЕ БІЗ

03 қараша 2025 519 0
Оқу режимі

Ертеде бір патша алып сарай салдырып, ішін түгелдей айнамен көмкеріпті. Қабырғалары да, төбесі де, едені де түгел айна. Бір күні сол сарайға бір ит жүгіріп кіріп кетеді. Айналасына қараса, өзіне ұқсас сансыз көп ит. Барлық жерде иттер!

Сақ ит болғандықтан, ол қауіптеніп, айналасындағы «иттерге» қарсы тісін ақситып, өз-өзін қорғауға дайындалады. Сол сәтте айналадағы иттер де тісін ақситып, оған қарап ырылдай бастайды. Ол ырылдаса — олар да ырылдайды. Ит қатты қорқып, өзін қауіп үстінде сезінді де, бар даусымен үріп қоя берді. Неғұрлым қатты үрген сайын, айналасындағы «иттер» де соғұрлым қатты үрді.

Таңертең сарай күзетшілері әлгі итті өлі күйінде табады. Ал шындығында, сарайда жалғыз өзі ғана болған, оның қарсыласы жоқ еді. Ол тек өз бейнесінен қорқып, өз-өзімен күресті. Солайша, айналасындағы миллиондаған айнадағы өз бейнелерімен арпалысып жүріп мерт болды.

Егер сіздің ішіңізде ешқандай кедергі болмаса — сыртта да еш кедергі болмайды. Ештеңе сіздің жолыңызға тұра алмайды. Бұл — заңдылық.

Әлем - бұл жай ғана айна.

 

Мұрат РАҚЫМЖАН

Пікірлер Кіру