БЕРЕКЕНІҢ ҚАШУЫНА НЕ СЕБЕП?
26 қаңтар 2026
194
0
Оқу режимі
Бұл — қызғаныштан да емес, сиқырдан да емес, көз тиюден де емес.
Кейде адамның тұрмысының тарылуы, несібесінің кеміп, жолының болмауы мына себептерден болады:
- Отбасындағы береке-бірліктің кетуі, ерлі-зайыптылардың тіл табыса алмауы.
Бұл мәселеге аса мән беру керек. Себебі берекенің қашуы, ырыстың азаюы көбіне үй ішіндегі ұрыс-керіс пен түсініспеушіліктен басталады. Қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деп бекер айтпаған.
- Ерлі-зайыптылар арасындағы опасыздық.
Опасыздық – үйдің құтын қашырып, жан тыныштығын алады. Ол денсаулыққа да, мал-дүниеге де кесірін тигізіп, ерлі-зайыптыны табыстырып тұрған мейірім мен махаббатты жояды.
- Еріне не әйеліне өтірік айту.
- Ар-ұятқа қайшы әдеттерге бой алдыру.
- Үй ішінде өсек-аяңға, жала мен ғайбатқа жол беру.
- Астың қадірін білмей, тамақ қалдығын бей-берекет төгу.
- Қоқысты түнге қалдырып, үйде ұстап отыру.
- Садақаны ұмыту, жомарттықтан алыстау.
- Намаз, ораза секілді парыздарға салғырт қарау.
- Берілген нығметке шүкір етпеу.
- Теріс пиғылды, кері әсері бар ортамен араласу.
- Ысырапқа жол беріп, табысты дұрыс жоспарламау.
Қорытынды:
Береке — байлықта емес, тәртіпте, ынтымақта, адалдық пен шүкірлікте.
Үйде тыныштық болса, несібе де өз жолын табады.
Пікірлер
Кіру