ДҮНИЕ СҮЙІСПЕНШІЛІГІН ЖҮРЕГІМНЕН ҚАЛАЙ ШЫҒАРАМЫН?
Бір адам сұрады:
— Дүние сүйіспеншілігін жүрегімнен қалай шығарамын?
Оған былай деп жауап берілді:
— Дүниеге иелік еткендерді және оның балаларын қалай алма-кезек адамдарды ауыстырып, төңкеріп тұратынына қара. Ол адамдарды өзіне қалай баурап алатына, кейін тастап кетеді; артынан ертеді де, соңынан қуалатқызады. Сосын оларды бір сатыдан екінші сатыға көтеріп, әдепке үйреткендей болады, олардың мойындарына үстемдік береді, қазыналары мен ғажайыптарын көрсетеді.
Ал олар өз білімдеріне, билігіне, жақсы тұрмысына және дүниенің өздеріне қызмет етіп тұрғанына қуанып жүргенде, кенеттен дүние оларды ұстап алып, қапысын тауып, алдап, сол биіктіктен бастарымен төмен лақтырады. Сонда олар бытырап, құрып кетеді. Ал дүние өзі сол күйі тұрып, оларға күледі. Оның қасында Ібіліс те бірге күледі.
Бұл – дүниенің Адам (аләйһиссалам) заманынан бастап Қиямет күніне дейінгі көптеген сұлтандарға, патшаларға және байларға істеген ісі. Ол бірде көтереді, бірде түсіреді; бірде алға шығарады, бірде артқа тастайды; бірде байытады, бірде кедейлетеді; бірде көрсетіп, бірде қор етеді.
Олардың ішінен өте аз ғана адам дүниені жеңіп, оған жеңдірмей, Алланың көмегімен оның жаманшылығынан аман қалады.
Ондайлар – санаулы адамдар ғана. Дүниенің жамандығынан тек дүниенің ақиқатын шын таныған, одан және оның айла-тәсілдерінен қатты сақтанған адам ғана құтылады.
Ей, сұраушы!
Егер дүниенің кемшіліктеріне жүрек көзіңмен қарасаң, оны жүрегіңнен шығара аласың. Ал егер оған жай көзбен қарасаң, оның сән-салтантына алданып, кемшіліктерін көрмей қаласың да, оны жүрегіңнен шығара алмайсың әрі одан безе алмайсың. Ол сені де өзгені құртқандай құртады.
Сондықтан нәпсіңмен күрес — сонда ғана жүрегің тыныш табады.
Егер ол (нәпсі) тыныштық тапса, дүниенің кемшіліктерін танып, одан безеді. Оның тыныштығы – жүректен бастау алады: жүрекке қосылып, сырмен үйлеседі де, екеуінің әмірі мен тыйымына бойсұнады. Бергеніне разы болып, бермегеніне сабыр етеді.
Қашан ол тыныштыққа жетсе, жүрекке қосылып, соған орнығады. Өзінің басында тақуалық тәжін, ал жүректің үстінде жақындықтың (құдайлық құрметтің) шапандарын көреді.
Сендерге иманға келу, растау және Алланың әулие құлдарының кейбір істерімен дауласып оларды жоққа шығарудан бас тарту бұйырылған. Ол қауыммен тартыспаңдар, олармен дауласпаңдар, өйткені олар – дүниенің де, ақыреттің де патшалары. Олар Хақ Тағалаға жақындықты таңдады, сол арқылы Хақтан өзге барлығына ие болды.
Алла Тағала олардың жүректерін Өзінің жақындығымен, Оған деген үйреншікті сүйіспеншілікпен, нұрларымен және құрметімен байытты, толтырды. Дүниенің кімнің қолында екеніне, оны кім жеп-пайдаланып жатқанына олар мән бермейді. Оның басталуына да, соңы мен өткіншілігіне де қарамайды.
Олар Хақ Тағаланы өздерінің сырлы көзқарастарының алдына қояды. Олар жойылудан қорқып та, патшалыққа үміттеніп те құлшылық етпейді. Алла оларды Өзі үшін және Онымен мәңгілік бірге болу үшін жаратты. Алла сендер білмейтін нәрселерді жаратады. Ол – қалағанын жүзеге асырушы. (Хазіреті Абдулқадир Жейлани қ.с.)