МАЛ ЖӘНЕ ДЕНЕМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ҒИБАДАТ: ҚАЖЫЛЫҚ

02 мамыр 2024 324 0
Оқу режимі

Қажылық – Исламның бес парызының бірі. Мал-мүлік әрі денемен жасалатын ғибадат. Һижри жетінші жылы парыз болды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Бәкірді (р.а.) қажылардың басына басшы етіп тағыйындады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзі, келесі жылы қажылық парызын орындады. 

Өзінде қажылық шарттары бар кісіге өмірінде бір рет өтеу «парыз айн». Дүние мүмкіншілігі болғанымен, денсаулығы жарамайтын адам өз орнына өкіл жібере алады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес тіректің үстіне салынған. Бұлар: Алла Тағаладан басқа құдай жоқтығына және Мұхаммед (с.а.у.) Алла Тағаланың пайғамбары болғандығына куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, рамазан оразасын ұстау және Қағбаға қажылық жасау».

Қажылықтың хикметі мен себептері:

Алла Тағала алдында бейшара, адамдар алдында кішіпейіл болу;

Дүние нығметі мен денсаулығының шүкірлігін өтеу;

Кағба Муаззаманың адамдарға рухани ләззәт сыйлауы;

Нәпсісін жүгендеп, тәрбиелеу;

Түрлері мен түстері әртүрлі, бірақ діндері бір мұсылмандардың кездесуі;

Ақ түсті ихрам – аппақ кебінге оранып ақыретке аттанған пенделердің қабірден тұрып, махшарда жиналатындығының бір көрінісі.

Хажар ул-Әсуәдқа сәлем бергенде «Әлмисақ» антын еске алып, иманын жаңалау;

Исламның дүниеге келген жерін, пайғамбарымыздың, сахабалардың дін үшін күрескен жерлерін көріп, еске алу;

Қажылық – өмір бойы естен шықпайтын естелік қалдырады. Қажылық мұсылманның өміріне жаңа серпіліс әкеледі. («Қажылық және Ұмра»)

 

Пікірлер Кіру