ЖАНТАЛАС

29 сәуір 2026 48 0
Оқу режимі

Иә, өмір - жанталас. Соңы - өлім. Сонда жанға таласушылар кім? Жауап айқын. Ол - өзің.

Иә, өз жаныңа өзің таласасың. Сол жанға тыныштық іздейсің. Мына өмірде соны рахатқа бөлегің келеді. Бөлеп жатқандар да бар. Өз ойында.

Алайда бір нәрсе айқын. Сенің жаның әу бастан жау тұтқыны. Ол жау да - өзің. Өз жаныңды жаhанамға жіберетін де сен. Сенің барлық іс-әрекетің, тіпті ғибадат құлшылығыңа дейін жанды жер жастандыруға құрылған. Себебі сен - жан иесі емессің. Жай ғана таласушысың.

Рас, билік сенде. Әзірге сенде. Сен өлген күні ол бостандыққа шығады. "Ажал да Алланың рахымы" делінетіндігі сондықтан.

Мақұл. Солай-ақ болсын. Сонда екінші жанталас иесі кім?

Бұл жауап та айқын. Байыбына барсақ, ол да өзің. Алайда оған көз жеткізу үшін өзіңді тануың керек. Хадисте айтылатынындай, өзіңді танысаң - Алланы танисың. Алланы танысаң, өзіңнің кім екеніңді білесің. Өзіңнің кім екеніңді білсең, оның бетіне түкіресің. Ал ол - сен.

 

 

Пікірлер Кіру