«ӘЛ-ФАРАБИ»: «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ИМАННАН БАСТАЛАДЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

24 қазан 2025 692 0
Оқу режимі

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараға арнайы келген ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Күзекбай Бағыжан Ерболатұлы жиылған жамағатқа «Рухани жаңғыру – иманнан басталады» тақырыбында көркем насихат айтты.

Насихат барысында Бағыжан Ерболатұлы ел руханиятындағы діннің рөлі күн санап артып келетінін, дәстүрлі діни көзқарастың халық арасында кеңінен таралып, мұсылманшылық ұстанымдарға бет бұрыс жақсарып, имани жаңғыру үрдісі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ ол ата-бабамыздың ұстанған имани құндылықтары бүгінгі таңдағы ғаламдық жаһандану үрдісінде жұтылып кетпеудің және ұлттық бірегейлікті сақтаудың бір көрінісі екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет «Исламдағы жастардың орны» тақырыбындағы маңызды уағызымен ортаға салды.

Ізгі шараның соңында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Жолдас Рахымжан Талғатұлы жиылған жамағатқа дін мен дәстүр жайлы викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген кісілерге арнайы сыйлықтар тарту етті.

8cea655a-a90e-4c40-b35a-7f5a5ffabc28.jpegd7dca2f2-7e03-460d-82b0-70a447721107.jpeg1838c15d-1a18-4ccc-93bb-e39dc41fa54c.jpegb4e99470-3102-407f-8ace-3dd984102dcb.jpegbeaa6070-a97e-4677-abaa-b71a205068c3.jpegf4f9791e-fa85-415d-8192-1b2bdfe93c02.jpegc4efa4e0-0b4f-4a5d-b6e5-d551c7b62941.jpeg

Пікірлер Кіру