«ӘЛ-ФӘТТАҺ» МЕШІТІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ (ФОТО)
18 қазан 2025
1125
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Әл-Фәттаһ» мешітінде «Таза Қазақстан» экологиялық сенбілік акциясы өтті. Игі іске мешіт жамағаты мен еріктілер белсене қатысып, аула мен айнала аумақты тазалап, талдар отырғызды.
Бұл бастама табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндеу мақсатында ұйымдастырылды. Сенбілік барысында қатысушылар қоқыс қалдықтарын жинап, мешіт аумағын ретке келтіріп, көркейтуге өз үлестерін қосты.
Ислам ілімінде тазалық — иманның жартысы. Бұл қағида тек жеке тазалықпен шектелмей, қоғам алдындағы жауапкершілік пен табиғатқа деген ілтипатты да қамтиды. Сол рухта өткен бүгінгі сенбілік жамағаттың бірлігін, ортақ іске деген ықыласын айқын көрсетті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру