«ӘЛ-ҒАНИ» МЕШІТІНДЕ ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

21 қыркүйек 2026 58 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әл-Ғани» мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен жамағат арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Жарысқа мешіт жамағаты белсенді қатысып, тартысты ойын көрсетті. Спорттық іс-шараның мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы өзара достық пен бауырмалдықты нығайту.

Сайыс барысында қатысушылар өзара шеберліктерін байқатып, спорттық бәсекеде белсенділік танытты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы марапаттап, жастарға ізгі тілегін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру